Атырау, 19 наурыз 16:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2 831 просмотра

2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Оларға қандас мәртебесі берілді (бұған дейін оралман деп аталды). Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (56,9%) Қытайдан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,3%) қоныстанды.

9 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,5%-ды және зейнеткерлер 10,3%-ды құрайды.

26 қазан 2020, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.