Атырау, 13 қыркүйек 22:32
 дождьВ Атырау +24.8
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютінде жеңіске жетті

Бейнежазба
2 978 рет қаралды

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі дебютін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ОАӘ-дегі "Жекпе-жектер аралында" өтіп жатқан UFC 254 турнирінде Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейрамен кездескен. Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. 

Осылайша, қазақстандық файтер ММА-дегі 13-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюті болатын. Ал Алекс Оливейра бұған дейін ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, оның 20-сында жеңген, қалған 8-інде жеңіліс тапқан. Бұл - бразилиялық файтердің UFC-дегі 19-шы кездесуі. 

Еске салайық, жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде Оливейра белгіленген салмақтан ауырлау болған, енді ол бұл кездесуден алатын гонорарының 20 пайызын Рахмоновқа береді.  

25 қазан 2020, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.