Атырау, 29 наурыз 12:38
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстандық музыкант Usher және Marshmello-ға трек жазды

2 790 просмотра

Иманбек Зейкенов әлемдік жұлдыздар Marshmello және Usher-мен бірге трек жазды. Too much клипін Youtube-тен көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Youredm.com сайтының жазуынша, Usher және Marshmello-мен бірлесіп жазған Too Much туындысы  - бұл жақсы көретін адамыңа жақын болу туралы трек. Ресми видеоны Кристиан Бреслауэр түсірген.  Ол Tiësto, Roddy Ricch, Jason Derulo және басқаларымен бірге жұмыс істеген.

Иманбек SAINt JHN-дің "Roses" ремиксімен танымал болған. Оның нұсқасында трек хит болды және бірнеше апта бойы Billboard Hot 100 диаграммасының үздік ондығында болды.

Ремикс Apple Music-тің топ-10-на кірді, Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан астам қаралды, "Яндекс. Музыка" чартында бесінші орынға ие болды, Spotify-те төрт миллион тыңдалым жинады, YouTube-тағы рэпер Saint Jhn-нің арнасында миллионнан астам қаралым бар.

Наурызда трек UK Singles Chart көшін бастап, Ұлыбританиядағы нөмірі бірінші сингл болды.Сол кезде Иманбек Зейкеновтың вариациясы (Imanbek Remix) The Weeknd, Dua Lipa, Billie Eillish, Roddy Ricch және Justin Bieber сияқты орындаушыларды басып озды.

Танымал болғанға дейін Иманбек Павлодар облысында теміржолшы болып жұмыс жасаған. 

24 қазан 2020, 18:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.