Атырау, 29 наурыз 15:56
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мәулен Әшімбаев ауруханада жатқан Әбдіжәміл Нұрпейісовтің көңілін сұрады

Сурет
2 261 просмотра

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев ауруханада жатқан Әбдіжәміл Нұрпейісовтің көңілін сұрап барды Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Кеше Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ағамыз жатқан ауруханаға арнайы барып, қаламгердің көңілін сұрап шықтым. Халін біліп, қасында біраз әңгімелесіп отырдым. Әбекеңнің денсаулығы жаман емес. Дегенмен, соңғы кезде болған қайғылы жағдай ағамызға ауыр тигені анық. Ажар апамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын", деп жазды М.Әшімбаев.

Бұдан соң, ол осыдан бірнеше күн бұрын Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 96 жасқа толғанын атап өтті.

л

"Әбдіжәміл аға маған қажыр-қайрат пен ерік-жігердің символындай көрінеді. ХХ ғасырда халқымыздың басынан небір қиындықтар өтті. Соның бәрі Әбекеңе де аз зардабын тигізген жоқ. Соғыс жылдарында ағамыз қан майданның қақ ортасында жүрді. Одан кейінгі қиындықтарды да көрді. Қайсарлық пен қажырлықтың озық үлгісін көрсетіп, әдебиетке аянбай еңбек етті. Мәдениетіміз бен руханиятымызға өлшеусіз үлес қосты. Қазақ әдебиетінің нағыз классигіне айналды. Кейде Әбдіжәміл ағаға қарап, халқымыздың өткен ғасырдағы шежіресін көргендей боламын. Шын мәнінде, Әбекеңнің өзі де, сөзі де, жазған дүниесі де тарих", дей келе Мәулен Әшімбаев қазақ әдебиетінің алыбы әрі абызы болған Әбдіжәміл Нұрпейісовке мықты денсаулық, амандық тіледі.

24 қазан 2020, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.