Атырау, 26 сәуір 17:59
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Шымкентте вагондар аударылып, 5 жолаушы пойызы тоқтап тұр

2 507 просмотра

Шымкент қаласының теміржол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының теміржол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. 

Мәлім етілгендей, барлығы жылжымалы құрамға 21 вагон тіркелген, барлығы бос болған. 

«Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етті. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұр. 

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, «ҚТЖ« АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан қалпына келтірумен айналысатын 3 пойыз жұмылдырылды», - деді Т.Уәли. 

Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарлануда.


24 қазан 2020, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.