Атырау, 19 сәуір 13:07
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мемлекеттік БАҚ-ты оңтайландыру: «Қазақ газеттері» холдингі құрылады

2 385 просмотра

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіру мәселесіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Әлбетте елдегі БАҚ-тарды (мемлекеттік) біріктіру – уақыт талабы. Барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар бюджетті оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы бұл бірігу – әкімшілік-шаруашылық саланы оңтайландыруды көздейді. Шығармашылық бөлімге оның еш қатысы жоқ», - деді Аида Балаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Министр бұл ретте нақты механизм жолға қойылғанын атап өтті. 

«Бірінші кезеңде «Egemen Qazaqstan» мен «Казправда» газеттері біріктіріледі. Жаңа жылдан кейін олар жеке ЖШС болып құрылады. Осыдан кейін «Қазақ газеттері» АҚ-қа біріктіріледі. Яғни «Қазақ газеттері» деген біртұтас холдинг құрылады. Сол себепті нақты алгоритм бар. Бұл оңтайландыру ұжымдардың шығармашылық бөлімдеріне мүлде қатысты болмайтынын тағы бір мәрте атап өткім келеді», - деді министр.

23 қазан 2020, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.