Атырау, 24 ақпан 23:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48

Оралда базарлар мен қоғамдық көлік жұмысы шектелді

2 561 рет қаралды

Оралда қосымша шектеу шаралары енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті қаулыға өңірдің бас санитар дәрігері қол қойды. Құжаттағы мәтінге сәйкес, Оралда:

- 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттіліксіз көшеге шығу шектеледі;

- Жексенбі күндері ауыл шаруашылығы азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынады;

- Жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.

Орал әкімі мен қала полиция басқармасына бірқатар базарды жабу тапсырылды. Еске салайық, бұған дейін 16 қазанда БҚО-да шектеу шаралары күшейтілген болатын. Жаңа қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.

22 қазан 2020, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.