Атырау, 13 қыркүйек 22:58
 дождьВ Атырау +24.8
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

2 756 рет қаралды

26 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін жолаушылардың бәрінде, оның ішінде Қазақстан азаматтарында ПТР-тестен өткені туралы анықтамасы болуы керек. 

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, анықтама мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған болуы тиіс.  

Бұл талаптың 5 жасқа толмаған балаларға қатысы жоқ.

ПТР-тестен өткені туралы анықтама қағаз түрінде де, электронды түрде де (смартфонда болса да) жарамды болады.

Дереккөз: Азаттық рухы

22 қазан 2020, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.