Атырау, 8 маусым 10:17
 дождьВ Атырау +15.5
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

СІМ АҚШ-та контрабандамен айналысты деп айыпталған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

2 618 рет қаралды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері АҚШ-та қамауға алынған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, қазақстандыққа Apple өнімінің контрабандасымен айналысқан деген айып тағылды. Тергеу шаралары басталған.

"Бүгінгі таңда біздің отандасымыз консулмен кездесуді сұрамады және көмек сұрамады. Соған қарамастан, Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы ұсталған ҚР азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру бойынша барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетумен айналысады", - делінген хабарламада.

Дереккөз мәліметінше, ұсталған қазақстандық соңғы 10 жыл АҚШ-та тұрады.

Еске салайық, осыған дейін БАҚ өкілдері 10 адамның  АҚШ-та Apple өнімдерінің контрабандасымен айналысқан деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Шығын сомасы 50 миллион доллардан (шамамен 21 миллиард теңге) асқан болатын.

22 қазан 2020, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.