Атырау, 24 сәуір 12:29
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бас прокуратура жоспардан тыс тексеріс бастады

2 470 просмотра

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бас прокуратура жоспардан тыс тексеріс бастады, деп хабарлады Kaztag.kz бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Qamqor ақпараттық сервисіне сілтеме жасап.

«Тексеру нысаны – «Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі» мемлекеттік мекемесі», - делінген белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков сілтеме жасаған құжатта.
Тексеру жоспардан тыс болып табылады және 5 қазан - 3 қараша аралығында жүргізіледі. Тексерісті тағайындаған орган – бас прокуратура.
«Тексеру жүргізу мәселесі (және тексеру пәні – ҚазТАГ): Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы. Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №547 бұйрығы. Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде 2015 жылдың 30 қазанында №12221 нөмірі бойынша тіркелген», - делінген құжатта.

22 қазан 2020, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.