Атырау, 22 желтоқсан 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап 250 оқушы коронавирус жұқтырған

2 547 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Қазақстандағы оқушылар арасында коронавирус жұқтыру статистикасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз мектеп оқушыларының вирус жұқтыруына күнделікті бақылауды жалғастырамыз. Оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырудың 250 жағдайы тіркелді. Кезекші сыныптардағы балалар арасында 105 жағдай бар", - деді Есмағамбетова ОКҚ-да өткен онлайн брифингте.

Байланыста болған 1426 адамдар анықталды, олардың ішінде коронавирус жұқтырудың 19 жағдайы тіркелді.

"Қашықтан оқитын балалар арасында да тіркелді - 145 жағдай. Байланыста болған 348 адам анықталды, оның ішінде 22 жағдай тіркелді", - деді Есмағамбетова.
21 қазан 2020, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.