Атырау, 28 наурыз 14:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына бюджеттен 15 млрд теңге шығындалады

2 745 просмотра

Парламент Мәжілісі мен мәслихатар сайлауына Қазақстан бюджетінен 15 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Үкіметке ұсынылған 2020 жылға арналған шығындардың сметасы шамамен 10,8 млрд теңге. Ол шығынның дені жалақыға жұмсалады деп жоспарланған, 70 681 мүше мен 10 061 сайлау комиссияларына 7,3 млрд теңге немесе шығынның 68% жұмсалады, - деді ОСК хатшысы Сабина Мұстафина.

Сметадағы 3,5 млрд теңге сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық шығындарына жоспарланған. Бұл бюллетень дайындау, полиграфиялық және өзге де өнімдер, сайлау үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ақпараттық қолдау және сайлау комиссияларына қажетті материалдық-техникалық жағдай жасау шығындары.

- Пандемия жағдайында бұл жолғы науқан карантиндік шаралардың сақталуымен өткізіледі. Сол себепті жеке қорғаныс құралдары үшін 341,4 млн теңге жұмсау көзделіп отыр, - деп қосты.

Сайлау шығындары 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасында 4,5 млрд теңге сомасында көзделіп қойған. Бұл ақша түгелдей сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысын төлеуге жұмсалады.

- Осылайша, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлау науқанына шамамен 15,3 млрд теңге шығын жұмсалады, - деді Сабина Мұстафина.
21 қазан 2020, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.