Атырау, 4 желтоқсан 05:01
 ашық В Атырау -11
$ 422.87
€ 512.10
₽ 5.63

ПТР тест тапсыру құны тағы да арзандады

459 рет қаралды

Елде ПТР сынама тапсыру құны тағы да арзандады, - деп хабарлайды «Хабар 24»

Енді жеке тұлғалар үшін бойда қауіпті індеттің бар-жоғын анықтайтын тестті 8 025 теңгеге тапсыруға болады. Бұл қазіргі кезеңде ең арзан баға болып есептеледі. Тестілеу республиканың 10 облысындағы ұлттық сараптама орталығының филиалдарында жүргізіледі. Осыған дейін аталған қызмет құны 11 500 теңге болатын. 

Еске салсақ, ел президенті осыған дейін ПТР сынаманың тым қымбат және қарапайым азаматтардың оны тапсыруға қолы жете бермейтінін айтқан болатын.

21 қазан, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.