Атырау, 22 желтоқсан 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​ Алматылық әйел 7 млн теңгеге жалған туристік жолдама сатқан

2 637 рет қаралды
Көрнекі сурет

Алматыда 7 млн теңгеге жалған туристік жолдамалар сатқан әйел 3 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, №2 Медеу аудандық соты «WhatsApp» және «ZOOM» қосымшалары арқылы алаяқтық туралы істі қарады. 

Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылы қазанда жәбірленуші туристік компанияның директорына жолдама сұрап жүгінген. 

Туристік компанияның директоры бұған дейін дайындалған жалған электронды билеттердің маршруттық квитанцияларын ұсынған. 

«Осылайша, сотталушы жәбірленушіні алдап жалпы сомасы 7 194 095 теңгеге материалдық шығын келтірген. Сотталушы өз айыбын толын мойындады», - деді баспасөз қызметінен. 

Сот шешімімен әйел ҚР ҚК 190- бабының, 3-бөлімімен айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айрылды.

21 қазан 2020, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.