Атырау, 4 желтоқсан 04:44
 ашық В Атырау -11
$ 422.87
€ 512.10
₽ 5.63

Маңғыстау облысында 500 доллар айырбастауға барған әйел 5 жылға түрмеге қамалды

2 047 рет қаралды

Маңғыстау облысында жалған шетелдік валютаны айырбастаған әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау ауылының тұрғынына қатысты жалған қаражатты сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 

"Айыпталушы 2020 жылдың басында тауып алған 1500 АҚШ долларының жалған ақша екенін біле тұра, 1000 доллармен таныстарынан алған қарызын өтеген. Ал қалған 500 АҚШ долларын Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында орналасқан "Халық Банкнің" кассасында айырбастамақ болған. Бірақ сол жерде қолға түсті", - дейді тергеушілер. 

Аудандық соттың үкімімен ауыл тұрғыны Қылмыстық кодекстің 231-бабы, 2-бөлігі бойынша ("жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу") кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

20 қазан, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.