Атырау, 24 ақпан 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48

Алматыда локдаун енгізіле ме? Бекшин жауабы

2 434 рет қаралды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда локдаун енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Локдаун бола ма деген сұрақ жиі қойылады. Қала билігі тарапынан бұл үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр:  барлық жерде хабарландырулар бар, тексерулер жүргізіліп жатыр.
Қазір жасырын өткізіліп жатқан барлық іс-шара той ұйымдастырушыларының өздері үшін жаман болатынын ұмытпауымыз керек. Бұл шараны ұйымдастырушылар мен осы нысандардың иелері төлейтін айыппұлға қарағанда екі есе жаман", - деді Бекшин.

Мұның алдында Бекшин алматылықтарға үндеу жасаған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандар с аны 14 539-ға жетті, оның ішінде 14 156 адам сауығып кеткен. 275 адам қайтыс болған.

20 қазан 2020, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.