Атырау, 7 мамыр 14:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Министр Ресеймен арадағы шекарада бақылау бекеттерін қоюды ұсынды

2 480 просмотра

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров республика бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары мен зиянды организмдерінің таралуына қарсы бірнеше шараны ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы мақсатта министр үкіметтен қыруар қаржы сұрады. Оған ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құру жоспарланған.

"Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінуін сұраймыз. Сондай-ақ, әкелініп жатқан өнімге жедел ден қою және тиімді бақылау мен қадағалау мақсатында Ресей Федерациясы сияқты шекаралық бекеттердің тура маңынан ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыруды ұсынамыз", – деп атап көрсетті Омаров.

Министрдің айтуынша, тексеріс жүргізуге мораторий енгізілгеннен кейін ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу қиындап кеткен. Инспекторлар белгілі бір нысанға барып тұрып, тексеріс жасай алмайды.

"Осыған байланысты нысандарға барып жасалатын тексерістерді, сондай-ақ, профилактикалық мақсаттағы ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау түрлерін мораторийден шығаруды ұсынамыз", – деді Омаров үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, бүгінде жедел карантин енгізуге және инфекция ошағын жабуға біраз уақыт кетеді. Себебі әкімдердің қаулыларын келісу, бекіту және күшіне енгізу үшін 5-15 күндей күту керек. Ал ол уақыттың ішінде инфекция басқа жерге таралып кетуі әбден мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеу шаралары туралы шешімді бекіту және тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқарту қажет деп санайды.

20 қазан 2020, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.