Атырау, 19 сәуір 03:31
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ШҚО-да күдікті полиция бөлімінде қайтыс болды

2 964 просмотра

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде күдікті қайтыс болды. Азаптау дерегі бойынша іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер ведомство басшысы Сағат Мәдиев Мақаншыға келгенін айтты. 

"Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы келді.
Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде 33 жастағы ер адамның қайтыс болғаны расталды, ол мал ұрлады деген күдікке ілінген", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өңірде Сағат Мәдиев бастаған арнайы топ құрылды. Жеке қауіпсіздік басқармасы азаптау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, процессуалдық прокурорлар тобы тағайындалды.

"Барлық мән-жай мұқият тексеріледі. Қажет сараптамалар, соның ішінде, патологиялық сараптама жүргізілді, нәтижелері әзірге дайын емес.
Мен Үржар ауданының әкімімен бірге марқұмның туыстарына барып, оның достары мен жақындарының дәлелдемелерін тыңдап қайттым, олардың сұрағы қарастырылып жатыр. Марқұмның туыстары мен достарына тағы да қайғыра көңіл айтамын. Кінәлілер сөзсіз заңды түрде жазасын алады. Менің ұстанымым - объектив және әділ тергеу", - дейді ШҚО ПД басшысы. 


19 қазан 2020, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.