Атырау, 20 сәуір 20:09
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бақытбек Смағұлдың 3 томдық кітабы шықты

3 055 просмотра

Мәжіліс депутаты, Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы, Nur Otan партиясы Фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұлдың әсем безендірілген, қазақ және орыс тілдеріндегі 3 томдық шығармалары жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Томдар Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Сардар" баспа үйінде басылып шықты.

Іс-шараға кітаптардың бірінің басты кейіпкерлері – Ауған соғысының ардагерлері Байғали Қоқымбаев, Әлімжан Ерниязов, Габиль Халафов қатысып, сөз сөйледі.

Бақытбек Смағұл шығармаларының барлық үш томы да ұлттық рухтың ұстыны – батырларға арналған.

Шығармалар жинағының І-ші томы – Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына қатысты зерттеулер.

ІІ-ші томда автор Борис Керімбаев (12.01.1948–12.02.2019) туралы ой толғайды, сыр шертеді. Оның ерен ерліктеріне, еселі еңбектеріне тоқталып, батыр һәм батыл бейнесінің асқақ мүсінін сомдайды. Автор отаншыл асқақ рух, мемлекетшіл биік сана, соғыс пен бейбітшілік жайында өз пайымдарын ортаға салады.

ІІІ-ші томдағы естеліктер "Үш қырлы жебе" деген ортақ атаумен біріктіріліп отыр: онда Бақытбек Смағұл Ауған соғысының үш алыбы, атап айтқанда, Байғали Қоқымбаев, Әлімжан Ерниязов, Габиль Халафов сияқты от пен суды бірге кешкен қарулас достары, өзі көрген соғыстың үлкен мектебінен өткен, қан майданның қатал тезінде сыналған үш арыстың былайғы жұртшылық біле бермейтін, бірақ Ауған соғысында аңызға айналған ерен ерліктерін суреттейді.

17 қазан 2020, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.