Атырау, 25 сәуір 00:01
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Алматыда ұрылар әйелдің мойнынан алтын алқасын жұлып алды

3 005 просмотра
Сурет : Алматы ПД баспасөз қызметі
Алматыда екі ер адам базар маңында әйелді тонап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қылмыскерлер адам тонау үшін алдын ала келісім бойынша базарға келген. Мақатаев пен Зенков көшелерінің қиылысында тұрған, бұрын бірнеше рет сотты болған 1986 жылы туған А. және 1976 ж.т., Т. есімді азаматтар өтіп бара жатқан адамдар арасында алтын алқасы бар әйелдерді іздеген. Құрбан табылды: олар артқы жағынан жүгіріп келіп, алқаны қатты тартып ұрлап алды. Содан кейін олар қылмыс орнынан бой тасалаған. Бірақ олар алысқа кете алмады. Полиция қызметкерлері оларды "ізін суытпай" ұстады. Қылмысқа қатысушылардың бірі - А. есімді азамат бұрын Түрксіб аймағында осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған. Ер адам түрмеден шыққаннан кейін түзету жолына түскен жоқ. Белгілі болғандай, ол есірткіні қолданады: жаңа дозаны алу үшін ол қайтадан әйелдерді тонай бастады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 191 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
6 қазан 2020, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.