Атырау, 22 желтоқсан 14:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Теміртауда полицей адам қағып өлтірді

2 848 рет қаралды

Теміртауда полицей қызметтік көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 3 қазанда болған.

"3 қазанда Теміртауда Lada Vesta қызметтік автокөлігінің жүргізушісі Республика даңғылымен Восточная көшесіне қарай келе жатқанда тұманға байланысты жолды дұрыс көрмей, салдарынан 65 жастағы ер адамды қағып өлтірген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен ер адам Теміртау қаласының ауруханасында көз жұмған", - деді полицейлер.

Қазіргі уақытта жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу") бойынша басталды.

"Іс облыстың полиция департаментінің анықтау басқармасының өндірісінде және облыстық ПД басшысының жеке бақылауында", - деді полицейлер.
5 қазан 2020, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.