Атырау, 25 сәуір 19:12
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Индонезия джунглиінде көзі көк тайпа тұратыны анықталды

Сурет
3 342 просмотра

Индонезияның Бутон аралында көгілдір және көк көз тайпа тұратыны анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews Medialeaks ке сілтеме жасап. 

Дереккөз мәліметінше, ерекші келбетті адамдарды индонезиялық геолог Корчина Пасарибу тапқан екен.

Геолог 2019 жылдан бері Индонезияның ауылдық жерлеріндегі өмірге қызығушылық танытқан. Сосын ол тайпалар мен мәдени мұраларға ерекше назар аудара бастады.

Ер адам осы жылдың 17 қыркүйегінде Бутон аралына барып, ондағы жергілікті тұрғындарды суретке түсірген.

"Көк көзділер - ерекше және әдемі. Олар маған шабыт берді. Көк - менің ең сүйікті түсім", - дейді Корчина Пасарибу.

Оның айтуынша, Бутон аралының тұрғындары суретке түсуден бас тартпаған, керісінше қуана қарсы алған.

Ер адам олардың суретін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

© instagram/geo.rock888

Мамандардың сөзіне қарағанда, көздің мұндай түсі сирек кездесетін генетикалық ауру салдарынан пайда болды. Оны Ваарденбург синдромы деп атайды екен. Мұндай ауруға шалдыққан адамның бет терісінің түсі, шашы, көзі өзгеріп, есту қабілетінен айырылатыны айтылады.

5 қазан 2020, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.