Атырау, 30 қараша 10:25
 ашық В Атырау -1
$ 423.87
€ 505.25
₽ 5.59

Түркістан облысында өз балаларын аяусыз сабаған ер адам қамауға алынды

1 087 рет қаралды

Түркістан облысында өз балаларын аяусыз сабаған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еске салайық, 4 қазанда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады. Бұл дерек Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-бөлігі бойынша тіркелді. Сол күні күдіктінің әйелі полиция бөліміне өзінің балаларын күйеуі ұрып-соққаны туралы арыз жазған. Полицейлер жұмыс істемейтін жергілікті тұрғынды ұстады. 

Олар 2011 жылы үйленген. Ортақ балалары бар. Бұған дейін 2018 жылы әйел адам полицияға күйеуі ұрып-соғатыны туралы ауызша өтініш жасаған, бірақ түсініктеме беруден бас тартқан. 2019 жылдың сәуірінде ол тағы да дене жарақаттарын алғанын айтып, полицияға жүгінген. Алайда, медиация тәртібімен әкімшілік іс жүргізу оның күйеуін кешіруіне байланысты тоқтатылыпты. Сондықтан ер адам жауапкершіліктен құтылып кеткен.

Бүгінде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды. Сонымен қатар, учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру басталды.

5 қазан, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.