Атырау, 26 сәуір 10:05
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев үйқамаққа алынды

3 222 просмотра

Нұр-Сұлтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген Олжас Әбішевке қатысты тергеуді жалғастыруда. Қазір бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі үй қамауына алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Оған қатысты электронды қадағалау құралын қолдану арқылы үйқамаққа алу түрінде жаза қолданылатын болады", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жарияланбайтынын айтты. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің "Сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға жол бермеу" 201-бабына сілтеме жасады.

Олжас Әбішевтің тұтқындалғаны 2 тамызда белгілі болды. Ол бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

3 тамызда орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой Олжас Әбішевтің өткен аптада өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш бергенін айтты. Содан кейін оның екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болды. Ол цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.

2 қазан 2020, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.