Атырау, 24 сәуір 08:20
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Астана ЛРТ" басшыларының ұрлығы: Іс сотқа жолданды

3 102 просмотра

Елорда әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және «Астана LRT» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 миллиард теңгені ұрлау фактісі бойынша Нұр-Сұлтан әкімдігінің, "Астана LRT" ЖШС-нің лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді. Жеті адам сотқа жеткізілді", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Іс бойынша тағы екі айыпталушы - елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басқарма төрағасы Талғат Ардан "қамауға алу" шарасы бойынша халықаралық іздеуге берілді. 

2013 жылы Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев LRT құрылысының жобасы қымбат екенін мәлімдеді. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлармен келісімдер жасалды.

2018 жылдың жазында Талғат Арданға қатысты қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен тергеу басталды. Содан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері төрт жыл бұрын "Астана LRT" бюджеттік қаражаттардан келісімшарт жасаушы ұйымдардың бірінің есепшотына 300 миллион теңгеден астам қаражат аударғанын, қазіргі лимиттен 125 миллион асып кеткенін анықтады.

Сол кезде Талғат Ардан "Астана LRT" басқарма төрағасы қызметін атқарды. Ол 2017 жылдың шілдесінде қызметінен босатылды.

2 қазан 2020, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.