Атырау, 19 сәуір 15:44
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Блогер Марғұлан Боранбаев "ұлттық алауыздықты қоздырды" деген күдікпен изоляторға қамалды

3 040 просмотра

Блогер Марғұлан Боранбаев уақытша қамау изоляторына қамалды. Ол "ұлттық алауыздық қоздыру" (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) және "конституциялық құрылысты күшпен өзгерту" (179-бап) баптары бойынша күдікке ілінген. Бұл туралы оның адвокаты Әнуар Байдар хабарлады.

“Тергеу құпиялылығын сақтау туралы қолхатқа қол қойғандықтан басқа ештеңе айта алмаймын. Алайда мен қорғап отырған адамды қамауға отырғызу үшін 179-бапты жасанды түрде ұйымдастырды деп санаймын” деп жазды Байдар Facebook-тағы парақшасында.

Адвокаттың айтуынша, былтыр көктемде қозғалып, соңы "бұлыңғыр" болып кеткен іс қозғалып, оған 179-бап та қосылған.

- Ол іс бойынша соңғы рет қыркүйек айында өтініш түсіргенмін. Одан кейін соңы түсініксіз болып кетті. Тергеуші істің жүру барысын хабарламады. Тоқтатты ма, тоқтатпады ма, белгісіз болып келген еді, - деді Байдар Азаттық тілшісіне.

179-бап бойынша жеті жылға бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығын айыру жазасы қарастырылған.

Әнуар Байдардың сөзіне қарағанда былтыр алғаш рет іс қозғалған кезде жүргізілген сараптама қорытындысы Боранбаевтың әрекетінен "конституциялық құрылысты күшпен өзгерту" белгілерін таппаған. Ол былтыр тамыз айында жаңадан сараптама жүргізілгенін кеше ғана білген және оның қорытындысымен келіспей отыр.

2 қазанда Азаттық тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқанмен жауап ала алмады.

Марғұлан Боранбаев әлеуметтік желілерде ұлттық сипаттағы жазбаларымен танымал болған блогер.

Дереккөз: Азаттық радиосы

2 қазан 2020, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.