Атырау, 26 сәуір 23:16
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ESPN Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегінің дәл күнін атады

2 855 просмотра

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегін 20 қарашада польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы өткізетін болды, - деп хабарлайды vesti.kz ESPN басылымына сілтеме жасап.

Бокс кешін ұйымастырушыларға жақын мәлімет көзі DAZN жұма сайынғы бокс шараларының сериясын жалғастыруға дайын екенін хабарлады. Өйткені жыл соңына дейін Теренс Кроуфорд, Эррол Спенс, Энтони Джошуа, Мигель Берчельт, Оскар Вальдес, Тайсон Фьюри де рингке шығатындықтан шоу өткізу кестесі өте тығыз.

GGG 2019 жылы қазанда төрешілер шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы жеңгелі бері рингке шыққан жоқ. Ал осы жекпе-жектің андеркартында Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірген еді.

2 қазан 2020, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.