Атырау, 15 қазан 11:14
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Үздік мұғалімдерге 2,7 млн теңге табысталды

2 709 просмотра

Қазақстанда Мұғалімдер күні қарсаңында үздік ұстаздар марапатталды. "Үздік педагог" атанған 64 мұғалімге төсбелгі мен 2 778 000 теңге сыйақы табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтанда Мұғалімдер күні қарсаңында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты шара өтті. Мерекелік жиын барысында республикалық "Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздары марапатталды.

"Ең басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді. Бүгінгі күні елімізде ұстаздардың мәртебесін көтеру бойынша үлкен шаралар іске асырылуда. Қазіргі кезде ел президенті білім саласын ерекше назарға алып, өз жолдауында да осы мәселеге үлкен көңіл бөлді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Жалпы бір-екі жылдың ішінде әріптестеріміздің айлығын екі есеге өсіру туралы тапсырма бар. Сол тапсырманы біз орындап жатырмыз", - деді министр өз құттықтауында.

Байқау жеңімпаздарына "Үздік педагог" төсбелгісі және 2 778 000 теңге (1000 айлық есептік көрсеткіш) ақшалай сыйақы табысталды. Білім министрі мерекелік шара бүгін республиканың барлық өңірінде өткенін атап өтті. 

Айта кетсек, республикалық "Үздік педагог" байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Сегіз жылдың ішінде 432 мұғалім осы атаққа ие болды.

Биыл конкурсқа қатысуға 143 педагог өтінім берген. Өз саласында биік белестерді бағындырған 64 мұғалім үздіктердің қатарынан табылды.

Үздік мұғалімдердің жұмысын арнайы комиссия бағалады. Оның құрамына тәжірибелі әдіскерлер, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, ата-аналар да кірді.


2 қазан 2020, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.