Атырау, 17 қаңтар 19:43
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Министр кинотеатрлар жұмысы туралы айтты

2 738 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы кинотеатрлар жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Киноиндустрияға қатысты мәселе қарастырылып жатыр. Біз алаңдаушылықты түсінеміз. Қазір тәсілдер пысықталып  жатыр. Алғашқы кезеңде орындарды 30 пайызға толтыру нұсқасы қарастырылады. Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Ол таяуда ведомствоаралық комиссияның отырысында шешілетін шығар", - деді Цой.

Бұған дейін кинотеатр иелері 15 миллиард теңге жоғалтқанын мәлімдеген еді. Кәсіпкерлер карантин шаралары жеңілдегеннен кейін оларға жартылай жұмыс істеуге де рұқсат берілмегенін айтқан. Залдардың бірнеше ай қатарынан бос тұруынан кәсіпкерлер банкротқа ұшыраған.

2 қазан 2020, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.