Атырау, 22 желтоқсан 22:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"Дайындық үшін дәрі-дәрмектерді сатып алудың қажеті жоқ" - вице-министр коронавирустың екінші толқыны жайлы

2 922 рет қаралды

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға коронавирустың екінші толқынына қалай дайындалу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда барлық емханада коронавирусты амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектер бар. Бұл біздің дәрігерлер тағайындайтын бес дәрі. Сондықтан коронавирус инфекциясының болуы мүмкін екінші толқынына дайындық үшін дәрі-дәрмектерді сатып алудың қажеті жоқ.
Сондай-ақ, тегін дәрі-дәрмектер тізімінде өткір респираторлық вирустық инфекциялармен, сондай-ақ әртүрлі бактериялық пневмониямен ауыратын науқастарды қамтамасыз ету бар. Тізімге дене қызуын түсіретін және қабынуға қарсы препараттар, сондай-ақ антибиотиктер кіреді. Барлық препаратты пациенттің жағдайы бойынша учаскелік дәрігер тағайындайды", - деді вице-министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол әлеуметтік қашықтық пен қоғамдық орындарда бетперде тағуды ұмытпау керегін еске салды.

"Әрине, қазір өз-өзіңді қорғау керек - әлеуметтік қашықтық сақтап, үнемі бетперде тағып және адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн. Тіпті емханаларда біз қазір екінші толқынға, жалпы вирустық инфекциялардың маусымдық өсуіне дайындалып жатырмыз. Санитарлық ережелерді сақтау керек", - деді Ажар Ғиният.
1 қазан 2020, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.