Атырау, 20 сәуір 01:13
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстанда 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған

2 816 просмотра

Елімізде пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда пандемия басталғалы бері 182 медицина қызметкерінен айырылдық. Өңірдегі комиссиялар бүгінде қайтыс болған дәрігерлердің туыстарынан 58 өтініш бойынша өтемақы беруді мақұлдады. Қазіргі таңда 36 отбасы өтемақы алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр", - деді министр орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстарына 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді.

1 қазан 2020, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.