Атырау, 29 наурыз 03:49
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Шетелден келген қазақстандықтар карантинге жатқызылады

2 572 просмотра

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов ІІ-санаттағы елдерден Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін қазақстандықтар мен шетелдік азаматтарға қазан айының бірінші онкүндігінде COVID-19 бойынша қойылатын жаңа талаптардың енгізілгенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазіргі уақытта Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің эпидемиологтары авиакомпаниялардың, әуежайлардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, ІІ-ші санаттағы елдерден (21 елден) Қазақстанға әуе рейстерімен келетін барлық адамдарға қосымша талаптарды енгізуге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру бойынша мәселелерді пысықтап жатыр. Авиакомпаниялар Қазақстанға билет сатып алатын жолаушыларға COVID-19 бойынша қойылатын қосымша талаптар туралы хабарлайды, - деді Байғабылов.

Шетелдіктерде мемлекеттік шекарадан өткізу үшін мерзімі үш тәуліктен аспаған COVID-19-дың бар-жоғын растайтын зертахананың анықтама қағазы болуы керек, әйтпесе олар ұшаққа мінгізілмейді.

- Қазақстан азаматтары шетелден келгенде қолында осындай анықтамасы болмаған жағдайда, COVID-19-ға тест тапсырып, оның нәтижесі шыққанша ауруханаға екі күндік карантинге орналастырылады. Өңірлерде осы мақсатта тиісті ауруханалар дайындалды. Жылдың басында бұл алгоритм бойынша халықаралық рейстер жұмыс істегенін, тек бұл жолғы айырмашылық жолаушылардың екі күндік карантинге орналастырылуында екенін атап өткен жөн. Осы жаңашылдықтың өз күшіне енгені туралы қосымша ақпарат беріледі, - деді Көліктегі бас санитарлық дәрігер.

ІІ-санатқа қандай елдер жататынын төмендегі кестеден таныс бола аласыздар.


1 қазан 2020, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.