Атырау, 25 ақпан 03:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49

Цой Үкіметтен халықаралық әуе-қатынасын жандандыруды қоя тұруды сұрады

2 834 рет қаралды

Үкімет отырысында Алексей Цой Түркиямен әуе қатынасын шектеп, басқа елдермен арадағы қосымша әуе рейстерін ашуды тоқтата тұруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Шетелдердегі жағдайдың нашарлауын ескере отырып, инфекцияның сырттан енуіне және таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен арада қосымша рейстердің қайта ашылуына тыйым сала тұрған жөн. Мысалы, Түркия Республикасына қатынайтын әуе рейстерәнің санын азайтуды ұсынамыз, - деді Денсаулық сақтау министрі.

"Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін келесі талаптарды белгілеу керек: термометрия, сауалнама толтыру, COVID-19-ға тапсырған тест анықтамасының болуы, онда да оның жарамды мерзімі 3 күннен аспау керек. Ал мұндай анықтамасы жоқтарды екі тәулікке карантинге қалдырып, тест нәтижесін күту қажет", - дейді ол.
30 қыркүйек 2020, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.