Атырау, 19 сәуір 03:42
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Мені үйге жіберіңіздер". Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары сот алдында жауап берді

5 482 просмотра

Прокурор Ақтөбе облысының әкімінің бұрынғы орынбасарын 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Тengrinews "Наша Газета" басылымына сілтеме жасап. 

Жарыссөздер Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотта өтті. Мемлекеттік айыптаушы Мамуновтың Қостанайдың экс-әкімі Ахметбек Ахметжановқа жазаны жеңілдетуге уәде бергені үшін алған 1,2 миллион долларды заңсыз пайдалану туралы кінәсі толық дәлелденгенін айтты.

"Мамунов бірнеше траншпен ақша ала отырып, Ахметжановтың туыстарымен түні бойы моншада бірге болған Жоғарғы соттың судьяларымен келісе алғанын алғанын айтып сендірді. Тіпті осы кездесудің видеосын көрсеткен. Бірақ іс жүзінде ол бұл ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсаған. Атап айтқанда, 001 RUS мемлекеттік нөмірлі Lexus 570 көлігі", - деді мемлекеттік айыптаушы Алмат Семби.

Руслан Мамунов (жоғары жақта оң жақта). Фото: ng.kz.

Прокурор Мамуновты мүлкін тәркілеумен 14 жылға бас бостандығынан айыруды және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады.

Айыпталушының адвокаты Марат Әбдрашитов барлық айыптау Қостанайдың экс-әкімінің әйелі мен ағасының "негізсіз және жалған" айғақтарына негізделген деп мәлімдеді.

"Ахметжановтар антикоррупция қызметіне шамамен 1,2 миллион доллар аударылғаннан кейін үш жылдан соң жүгінген. Бірақ ешқандай ақша аударымдары белгіленбеген. Оларға бірден жүгінуге не кедергі болды? Бәлкім ол Мамуновтың мемлекеттік қызметке кіріп, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуымен байланысты шығар? Осылайша Ахметжановтардың өздері пайда көргісі келгені ме?", - деп мәлімдеді адвокат. 

Сонымен қатар, құқық қорғаушы 1,2 миллион доллардың шығу нұсқасына күмән келтірді. Қостанайдың экс-әкімінің әйелі оларды туыстары мен достарынан қарызға алғанын мәлімдеді.

"Бұл айғақтардың Ахметжановтардың сотқа дейінгі тергеу кезінде берген мәліметтерінен біраз айырмашылығы бар. Олар ақшаны аудару уақыты мен орнын көрсете алмайды, сондай-ақ мұндай қомақты соманың қайдан шыққанын түсіндіре алмайды, бұл олардың айғақтарының жалған екенін көрсетеді", - деді ол.

Қорғаушының нұсқасы бойынша, айыпталушы Мамунов Бағлан Ахметжановадан "Метрополь" мейрамханасын сатып алуға көмектесу үшін шынымен 1,2 миллион доллар алғанын мойындаған. Алайда оның бұл ойы іске аспай қалғандықтан ол ақшаны қайтарып берген.

Адвокат сотқа Мамуновтың тау-кен компаниясындағы жарғылық капиталдың 60 пайызына иелік еткенін еске салды. Ол өз үлесін 2016 жылдың мамырында шамамен 2,4 миллион долларға сатып, содан кейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге кеткен. Қорғаушының айтуынша, бұл Мамуновта жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін заңды түрде алынған жеткілікті ақша болғандығын растайды.

Руслан Мамунов жарыссөзде Ахметжановтар оған аударылған ақшаның қайдан шыққаны туралы куәлік беру кезінде сотты алдағанын алға тартқан. Оның айтуынша, Ахметжановтардың мұндай соманы қалай жинағанын анықтау керек.

"Егер сіз мені ақтайтын болсаңыз, мен жұмысқа қайта оралып, өз еліме тиетін пайдамды дәлелдеуге тырысамын. Маған ақша керек емес еді, мен 10 жыл кәсіпкерлікпен айналыстым. Жұмыс істегеніме үш ай болмай жатып (мемлекеттік қызметте - ред.,) мен осы жерге тап болдым", - деді Мамунов.

Мамунов соңғы сөзінде Ахметжановтар "жалған түсінік бергенін" тағы бір еске салды. 

"Өзімді кінәлі деп санамаймын, егер мүмкіндік болса, мені үйге жіберіңіздер", - деді айыпталушы. 

Руслан Мамунов 2019 жылдың қарашасында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. 2020 жылдың ақпан айының соңында әлеуметтік желіде шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Алайда ол мұны жоққа шығарған еді. 

29 қыркүйек 2020, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.