Атырау, 23 сәуір 14:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

"Мәскеуге дейін миллион теңге" - Air Astana өкілдері билеттердің қымбаттауын түсіндірді

2 701 просмотра

Air Astana әуе компаниясы Қазақстаннан Ресейге билеттердің неге қымбат екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейсіне бір билеттің қазір миллион теңге тұратыны туралы мәлімет тарады.

Әуе акомпанияның баспасөз қызметі мұндай баға рейс трансфермен байланысты болғандықтан пайда болғанын айтады.

 

"Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағытында тарифтер көтерілген жоқ. Миллион теңге тарифі - бұл екі түрлі авиакомпанияның Ыстамбұл арқылы өтетін бағыты шығар. Біз Ыстамбұлдан Мәскеуге рейстер орындамаймыз, тек Ыстамбұлға ұшамыз, ал одан кейін басқа әуе компаниялар рейстер орындайды", - дейді Air Astana өкілдері. 

Тарифтердің көтерілуінің тағы бір себебі орындар мен рейстердің жетіспеушілігімен байланысты дейді әуе компанияның өкілдері.

"Мәскеуге билеттерге сұраныстың жоғары болуына байланысты эконом санатындағы орындар қараша айының соңына дейін сатып алынды. Егер бұрын біз Алматыдан күніне екі рет Мәскеуге ұшсақ, ал Нұр-Сұлтаннан аптасына 11 рейс болса, аптасына 25 рейс болса, енді аптасына бір рет ұшамыз", - дейді әуе компаниясының өкілдері.
29 қыркүйек 2020, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.