Атырау, 26 сәуір 22:52
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Ауырып шықтым, ешкімге тілемеймін". Назарбаев коронавирус туралы

2 855 просмотра

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен қалай ауырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен ауырып шықтым, ондайды ешкімге тілемеймін. Сондықтан маскаларыңызды шешпеңіздер. Тіземен немесе шынтақпен амандасыңыздар, өздеріңізге абай болыңыздар. (...)", - деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еліміздің Тұңғыш Президенті қазақстандықтарға тілектері үшін алғыс айтты.

"Маған бүкіл Қазақстаннан тілектер айтылды. Әріптестерімнің, бүкіл әлем президенттерінің, министрлердің тілектері жазылған мыңдаған жеделхат. Тағы да бәріне рахмет. Менің ойымша, бұл да өтеді. Қазір вакцина барлық жерде - 180-ге жуық елде әзірленіп жатыр. Қазақстанда өз вакцинамыз бар. Біз Ресеймен келістік, алғашқы үміткерлердің бірі боламыз. Мысалы, АҚШ-та дәрі ойлап тапқан кезде оның 10 жылдан кейін рұқсат етілетіні айтылды. Сондықтан біз бұл вакцинаны күтеміз. Қалай болса, менің ойымша, бұл көрсеткіш төмендейді. Ауырмаңыздар, барлығыңызға денсаулық тілеймін", - деді Назарбаев.
28 қыркүйек 2020, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.