Атырау, 22 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда жолаушылар пойызы жаңа кестемен жүреді

2 896 рет қаралды

"Жолаушылар тасымалы" АҚ қазан айынан бастап кейбір жолаушылар пойызы жиі қатынай бастайтынын хабарлады.

Жүру жиілігі артқан пойыздар:

  • №1/2 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2 стансасынан 10 қазаннан, ал Шымкенттен 11 қазаннан бастап;
  • №11/12 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 13 қазанннан, ал Шымкенттен 14 қазаннан бастап;
  • №31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы – күн сайын, Алматы-2-ден 11 қазаннан бастап, Павлодардан 12 қазаннан бастап;
  •  №603/604 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" пойызы – күн сайын, Нұр-Сұлтаннан 2 қарашадан, ал Арқалықтан 3 қарашадан бастап.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты барлық ақпаратты "105" нөміріне хабарласып білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды билетті онлайн, соның ішінде ресми Bilet.railways.kz сайты арқылы сатып алуға шақырды. Сондай-ақ, вокзал аумағында және пойыздың ішінде санитарлық талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр) сақтауды және бетперде киюді сұрады.


28 қыркүйек 2020, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.