Атырау, 2 мамыр 09:23
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстанда темекі қымбаттады

3 594 просмотра

Қазақстанда бір жылда темекі 13 пайызға дейін қымбаттады, - деп хабарлайды  Тengrinews.kz.

Energyprom.kz сарапшылардың айтуынша, қыркүйек айының басында бөлшек сауда нүктелеріндегі бір қорап темекінің құны 489 теңге болған, яғни бір жылда 12,7 пайызға дейін қымбаттаған.

"Ең қымбат темекі Ақтөбе (534 теңге), Нұр-Сұлтан (521 теңге) және Тараз (506 теңге) қалаларында тіркелген. Ал ең арзан темекілер Петропавл (468 теңге), Қызылорда (471 теңге) және Павлодар (474 теңге) қалаларында тіркелген", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

28 қыркүйек 2020, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.