Атырау, 14 қыркүйек 02:25
 дождьВ Атырау +20.5
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

СҚО-да 12 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды

3 531 рет қаралды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мектептердің кезекші топтарындағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде КВИ жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді, олардың сегізі білім ордаларында, сондай-ақ біреуі балабақшадан анықталды, - деді Қожахметов.

Ол аталған мекемелерде барлық қажетті эпидемиологиялық шаралар қабылданып жатқанын қоса кетті.

КВИ анықталған оқушылармен байланысты тұлғалардың барлығы 14 күнге үй карантинінде болады, - деді министрлік өкілі.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптағы 4 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.

25 қыркүйек 2020, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.