Атырау, 1 қараша 00:24
 ашық В Атырау +11
$ 432.64
€ 505.02
₽ 5.47

Олжас Құдайбергенов ҚР ҰЭМ жанындағы Басқарушы кеңес төрағасы болып сайланды

626 рет қаралды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің отырысында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді. Бұл Министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу.

Кеңес төрағасы болып экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Күн тәртібі бойынша Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шайымова сөз сөйледі. Оның айтуынша, сапа мен тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік аппаратты басқарудың құзыреттілік тәсіліне көшіру жоспарлануда. Бұл ұйымдық құрылымға икемділік береді және мемлекеттің экономикалық күн тәртібінің трендтерін ескере отырып, мемлекеттік органдар құрылымында "жұмсақ" департаменттер құруға мүмкіндік береді.

Отырысқа қатысушылар қойылған міндеттерді нәтижелі шешу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.

Ұлттық экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленов ұсынылған шараларды іске асыру тетігі жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша нәтижеге қол жеткізуге бағытталатынын атап өтті. Құзыреттілік тәсіл қабылданған шешімдердің тиімділігін арттырады. Өйткені басқарушылық шешімдер қабылдаудың тек бір ғана деңгейі болады.

Еске салсақ, бұған дейін Руслан Дәленов Президенттің кадрлық резерві құрамымен кездесуінде Басқарушы кеңестің құрылатынын жариялап, сонымен қатар кадрлар резерв өкілін осы кеңестің құрамына қосу туралы ой айтқан еді.

25 қыркүйек, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.