Атырау, 20 сәуір 13:33
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ШҚО-да 12 сантиметр қар түсті

2 864 просмотра

Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысының тауларына қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қар облыстың бірнеше ауданында - Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласының маңында жауды. Осы табиғи құбылыстың видеосы мен суреттерін әлеуметтік желі қолданушылары жариялап жатыр. Видеолардың бірінің авторы Марқакөл қорығының аумағында таңертең жауған қардың биіктігі 12 сантиметр екенін айтты.

1860 метр биіктіктегі Риддер маңындағы тауларда да қар жамылғысы көрінеді.

"Қазгидромет" РМК орталығының өкілдері бұл ақпаратты растап, Шығыс Қазақстанның таулы аудандары үшін бұл үйреншікті құбылыс екенін атап өтті, бірақ әдетте бұл жерлерде қар сәл кеш түседі.

"Біздің метеостанцияларымызда тек Марқакөл қорығының аумағында қар аралас жаңбыр байқалды, қалған станцияларда қар болған жоқ. Бірақ тауларда Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласының маңында қар жауған. Оның мөлшерін айта алмаймын, өйткені тауларда метеостанциялар жоқ", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК кезекші синоптигі Динара Жылыбаева.

Маманның айтуынша, алдағы күндері ШҚО-да күн жылынбайды. Облыс аумағында ауа температурасы төмендеп, жел күшейеді.

25 қыркүйек 2020, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.