Атырау, 25 ақпан 04:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49

Қызылордада қарындасы қамаудағы ағасына телефонды бауырсаққа жасырып бермек болған

3 158 рет қаралды

Қызылордадағы тергеу изоляторына бауырсаққа жасырып телефон өткізбек болған қыз анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аспа облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған ағасына қарындасының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері бауырсаққа жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі. Қарындасы Nokia маркалы телефоны мен қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, бауырсақ ішіне жасырып өткізбек болған. Қамаудағы ағасы ҚР ҚК-нің 106-бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырылған", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

25 қыркүйек 2020, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.