Атырау, 17 қаңтар 22:00
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Соңғы тәулікте 231 адамнан пневмония анықталды

2 706 рет қаралды

Өткен тәулікте Қазақстанда 231 адамнан пневмония анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 109 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31991, 347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26 914-ке жетті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адамның қайтыс болғаны айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустан 4 науқас, пневмониядан бір науқас көз жұмған.

Еске салайық, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 107 590-ға жетті.

25 қыркүйек 2020, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.