Атырау, 19 сәуір 21:00
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Нұр-Сұлтанда балаларды мас күйде көлікпен қаққан әйел сотталды

2 632 просмотра

Нұр-Сұлтанда кәмелет жасқа толмаған екі бала мен ересек адамды көлікпен қағып кеткен әйел сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Сарыарқа ауданы № 2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ерғазинаға қатысты айыптау үкімі 16 қыркүйекте шыққан.

"Сот балалар зардап шегіп, салдары ауыр болғанын ескеріп, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырып, ең ауыр жаза кесті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сотталған азамат 10 жыл бойы көлік жүргізу құқынан айырылды.

Іс сотқа "Алкоголь ішіп, мас күйінде жол жүру ережесін бұзып, абайсызда адам денсаулығына залал тигізу" бойынша ҚК 345-1 бабы 2 бөлігі бойынша түскен.

Зардап шеккендер заң аясында жазалауды сұрады. Ал қорғаушы тарап сотталған әйелдің аяғы ауыр және баласы болғандықтан, бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Үкім әлі күшіне енген жоқ.

25 қыркүйек 2020, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.