Атырау, 26 сәуір 11:20
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Димаш Джеки Чанның жаңа фильміне ән орындады

2 554 просмотра

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Джеки Чан түскен жаңа фильмнің саундтрегін орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Димаш Instagram-дағы парақшасында 30 қыркүйекте Джеки Чанның "Авангард" фильмі прокатқа шығатынын хабарлады. Қазақстандық орындаушы онда басты әнді шырқаған. Премьерасы Сингапурда өтеді. Басты рөлдерде Джеки Чанның өзі, сонымен қатар Ян Ян, Ай Лунь, Мия Муци, Чжу Чжэнтин, Ван Чжэньвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин и Кайл Пол сынды актерлер ойнайды. Картинаның режиссері - Стенли Тун.

Картина сюжеті бойынша, Ұлыбританияда "Арктикалық қасқырлар" атты жалдамалы адамдар тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап әкетеді. Кепілдегі адамдарды құтқара алатындар - "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі. Олар ғылым мен техниканың барлық жаңалықтарын қолдана отырып жасалған құралдармен қаруланған. Команда басқалардың қолынан келмейтін тапсырманы алады. Топ мүшелерінің шеберлігі мен батылдығына тең келетін адам жоқ.

25 қыркүйек 2020, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.