Атырау, 22 желтоқсан 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Коронавирустың екінші толқынымен күресуге 159 миллиард теңге бөлінді

3 127 рет қаралды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус екінші толқыны және пневмониямен күресуге 159 миллиард теңге бөлді. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды төлеуге 159 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған. Оның ішінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге - 50,5 миллиард теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақыға - 91,9 миллиард теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР-зерттеуге - 4,2 миллиард теңге, "үйдегі стационар" қызметін көрсетуге - 0,4 миллиард теңге, амбулаториялық деңгейдегі ПТР -зерттеуге - 10 миллиард теңге, мобильді бригадалардың жұмысына - 2,4 миллиард теңге", - деп нақтылады басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, ол наурыздан шілдеге дейін қор 36,9 миллиард теңге сомаға емдеу, ПТР-тестілеу және мобильді бригадалардың жұмысына ақы төлегенін қосты.

24 қыркүйек 2020, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.