Атырау, 22 желтоқсан 12:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Алмателдің» бас директоры Мәскеуде қамауға алынды

3 252 рет қаралды

Мәскеуде Алмател телекоммуникация операторының бас директоры Александр Гадалов қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазТАГ Cnews басылымына сілтеме жасап.

«"Алмател" байланыс операторының бас директоры Александр Гадалов қамауда болды. Бұл туралы телекоммуникациялық блогер Андрей Хаскин хабарлады. Оның айтуынша, Гадаловты қамауға алу туралы өтініш ҚР Ішкі істер министрлігінен түскен», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Мәскеу қалалық сотының сайты Гадалов Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-бөлігі бойынша - ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған алаяқтық, сондай-ақ жәбірленушіге аса ірі көлемде 1 миллион рубльден астам шығын келтірумен айыпталуда деп хабарлайды.

Бірінші сатыдағы сот Гадаловты 12 қыркүйекте қамауға алуға санкция берді, ал 23 қыркүйекте Гадалов бұл шешімге қалалық сотқа шағым түсірді. Қазіргі уақытта іс судьяның қарауында.

24 қыркүйек 2020, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.