Атырау, 29 наурыз 02:54
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстанда пара алу бойынша қай өңірлер «көш бастап» тұр

4 880 просмотра

Елімізде пара алу фактілері жиілеп кетті: бұл көрсеткіш бір жылда 11%-ға артқан. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен екісі парақорлыққа тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz порталына сілтеме жасап.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында елімізде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы 1,6 мың сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,6%-ға төмен. 

Олардың үштен екісін пара алу оқиғалары құрап тұр. Жыл басталғалы елде 993 пара алу оқиғасы тіркелді – 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға көп. 

Оның ішінде 555-і – пара алу, 404-і – пара беру, 34 жағдай – делдалдық оқиғасы. 

Аймақтар бойынша пара алу оқиғаларымен Батыс Қазақстан облысы «көшбасшы» болып тұр – 97 жағдай, жылдық өсім бірден екі есеге артты. 

Екінші және үшінші орындарда Алматы (87 жағдай, 47,5%) және Шығыс Қазақстан (76 жағдай, минус 3,8%) облыстары тұр.

24 қыркүйек 2020, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.