Атырау, 22 желтоқсан 11:02
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Бейсен Құранбектің әкесі көз жұмды

4 294 рет қаралды
Сурет Baq.kz сайтынан алынды

Бейсен Құранбектің әкесі көз жұмды. Қайғылы хабарды тележүргізушінің дос-жарандары, әріптестері хабарлап жатыр. Қаралы хабарды марқұмның жақындары растады деп хабарлады Baq.kz

Құранбеков Абай Жанысбекұлы ұлы мен жарының соңынан мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Марқұмның неден қайтыс болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Биылғы жылдың мамыр айында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озды. Тележүргізушінің қырқы болатын күні аяулы анасы бақиға аттанған еді. Марқұмның отбасы ғана емес, күллі қазақ қайғыдан қан жұтты. Желіде Бейсен Құранбек туралы ізгі естеліктер мен сағынышқа толы жазбалар, хаттар толассыз жарияланып жатты. 

24 қыркүйек 2020, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.