Bank RBK-дағы жымқыру ісі: Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыру сұралды

450 рет қаралды

Алматыда Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот отырысы аяқталды. Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бұл туралы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекеттік айыптау кінәсін жеңілдету фактілерін ескерді: Ертаев кінәсін мойындады, қылмыстық істі тергеуге көмектесті, шығынды ішінара өтеді, сондай-ақ кәмелет жасқа толмаған балалардың әкесі.

"Прокурор аса ауыр емес жаза мен аса ауыр жазаны біріктіру арқылы 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Онымен қоса мүлкін тәркілеу, 5 жыл материалдық жауапкершілікпен байланысты коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді талап етті", - деді соттағылар.

Bank RBK басқармасының экс-басшысы Игорь Мажинов және Марпу Жақыбаева, сондай-ақ Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге қатысты мемлекеттік айыптау 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.    

Бақыт Ибрагим кінәсін мойындады, қылмыстық істі тергеу кезінде көмектесіп, 17,3 миллиард теңге шығынды өтеді.

Ал Игорь Мажинов 37,2 миллион теңгені өтеді.

Марпу Жақыбаева 2011 және 2015 жылдар аралығында Bank RBK басшылығынан бонус ретінде алған 100,2 миллион теңгесін зардап шеккен тарапқа қайтарды.

Бұл іс бойынша 37 адамқа қатысты сот процесі жүрді. Прокурор солардың 36-сын кінәлі деп тануды сұрады. Жауапқа тартылған бір адам қайтыс болған.

Bank RBK-інен 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот өткен жылдың аяғында басталған. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар.

24 қыркүйек, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.